Қазақ әліпби текшелері
Бүгін жариялап отырғаным қазақ әліпби текшелерін (кубиктерін) картоннан жасауға арналған жазбалар жинақтары.
Бір жинақ алты A4 пішімді парақтан тұрады, әрбір парақта екі текшенің жазбалары бар. Сонымен, бір жинақ он екі текшеден құралады. Қазақ тілінде жиі кездесетін әріптер бөлек текшелерге бірнеше рет келтірілген. Сөзде бірге кездеспейтін әріптер бір текшенің жақтарына орналастырылған. Бұл неғұрлым көп сөз құрастыруға мүмкіндік береді.
Жинақтардың алты түрін жасап шықтым. Олардың үшеуі желімдеп құрастыратын, ал қалған үшеуі желімсіз жиналады. Файлдардың пішімі PDF, ол Adobe Reader-мен ашылады.
- желімдеп құрастырылатын текшелер, әріптері түрлі-түсті
- желімдеп құрастырылатын текшелер, әріптері қара түсті
- желімдеп құрастырылатын текшелер, әріптері боялмаған
- желімсіз жиналатын текшелер, әріптері түрлі-түсті
- желімсіз жиналатын текшелер, әріптері қара түсті
- желімсіз жиналатын текшелер, әріптері боялмаған
3 комментария:
Өте пайдалы нәрсе! Рахмет
rahmet! step-by-step jpeg formatinda ilip koyasiz ba suretterdi? filedardi jukteu kiyindau
Я порекомендую всем, кто ищет бизнес-ссуду, мистеру Бенджамину, который помог мне с ссудой в четыре миллиона долларов, чтобы начать свой бизнес, и это было быстро. Когда они получали ссуду, было удивительно, насколько легко с ними было работать. Процесс был быстрым и безопасным. это определенно был положительный опыт. избегайте мошенников здесь и свяжитесь с мистером Бенджамином. 247officedept@gmail.com. whatsapp ... + 19893943740. если вы ищете бизнес-кредит.
Отправить комментарий