21 марта 2008

Қазақ әліпби текшелері


Бүгін жариялап отырғаным қазақ әліпби текшелерін (кубиктерін) картоннан жасауға арналған жазбалар жинақтары.

Бір жинақ алты A4 пішімді парақтан тұрады, әрбір парақта екі текшенің жазбалары бар. Сонымен, бір жинақ он екі текшеден құралады. Қазақ тілінде жиі кездесетін әріптер бөлек текшелерге бірнеше рет келтірілген. Сөзде бірге кездеспейтін әріптер бір текшенің жақтарына орналастырылған. Бұл неғұрлым көп сөз құрастыруға мүмкіндік береді.

Жинақтардың алты түрін жасап шықтым. Олардың үшеуі желімдеп құрастыратын, ал қалған үшеуі желімсіз жиналады. Файлдардың пішімі PDF, ол Adobe Reader-мен ашылады.


Толық мақала...